Packandfly жолжүк орау

Packandfly жолжүк орау

PACK & FLY компаниялар тобы қазіргі уақытта Ресей, Шығыс Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка әуежайларында буып-түю, қорғау, жолжүкті сақтау, жол аксессуарларын сату және бизнес-залдарды басқару қызметтерін ұсыну бойынша Ресей Федерациясы нарығында көшбасшы болып табылады.

2015 жылы компаниялар тобы Еуропа мен Азия нарығына белсенді түрде ене бастады, ал 2018 жылы Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада жолжүкті орау бойынша қызмет көрсететін жетекші компаниялардың бірі - итальяндық Safe Bag компаниялар тобымен бірігу туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім бізді жолжүкті орау саласындағы сөзсіз әлемдік көшбасшыға айналдырды. 2019 жылы Safe Bag компаниясы ребрендинг процедурасын өткізіп, атауын TraWell Co деп өзгертті. Біздің топ бүкіл әлем бойынша өз қызметін 50-ден астам әуежайларда жүзеге асырады, бізде 140-тан астам орау пункттері бар.

Біздің мақсатымыз: өзімізге пайдалану жағымды қызметті құру.

Біздің миссиямыз:  жол сөмкелерінің, чемодандардың және олардың ішіндегісінің сақталуын қамтамасыз ете отырып саяхат кезінде жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасау.



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ