Жүк терминалы

Жүк терминалының инфрақұрылымы

  • Егер тендер және басқа ақпарат туралы білгіңіз келсе, тіркеліңіз

    Техникалық сипаттама

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайындағы жүк терминалы тәулік бойғы режимде жүк пен поштаны қабылдауды, өңдеуді, сақтауды және беруді жүзеге асырады.

            Аумақта көлемі 2200 ш.м.жүк терминалының ғимараты және көлемі 1100 ш. м. модульдік қойма орналасқан. Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына тиесілі қойма және кеңсе жайларының жалпы ауданы 3000 ш. м. құрайды, оның ішінде уақытша сақтау қоймалары, транзиттік-трансферттік аймақ, қауіпті жүктерді сақтау үшін арнайы бөлінген орындар, ірі габаритті жүктерге арналған ашық қалқа, бағалы жүктерді сақтауға арналған сейфтер, тоңазытқыш камералар. Қоймалар сөрелермен, салмақ өлшейтін құралдармен, тиеуге және түсіруге арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған, қоймалар техникалық және өндірістік параметрлер бойынша халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Жүк терминалы қоймаға келіп түскеннен кейін, тиісті құжаттарды ресімдеу кезінде, қоймаға орналастырмай және алдын ала келісім бойынша жүкті алу шартымен 1 және 7 класты қауіпті жүктерді қабылдайды. Қауіпті жүктердің басқа кластарын жүк терминалы қауіпті жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес қабылдайды, өңдейді және сақтайды. Жүктің арнайы санаттарын (қауіпті, құнды, ауыр, тез бүлінетін және т.б.) жіберген кезде мәлімделген көлемді алу мүмкіндігін нақтылау үшін жүк терминалының мамандарымен тасымалдауды алдын-ала келісу қажет. Жүк кешенінің өткізу қабілеті тәулігіне 50 тонна жүкті құрайды, жүк перроны бір уақытта екі В-747 ӘК қабылдай алады. Қолда бар арнайы техника: 

  1. қайтатиегіштер (7-30 тонна) - 5 дана;
  2. автотиегіш (3-10 тонна) - 3 дана;
  3. жүк арбалары (15тн) - 5 дана;
  4. жүк арбалары (7 тн) - 30 дана;
  5. электржүктегіш (2 тн) - 4 дана;
  6. таспалы жүктиегіштер - 6 дана  

Байланыс телефондары 

№ р/б

Қызмет атауы

Телефондар

Қызметкердің лауазымы

 

1

Жүктің мәртебесі туралы ақпарат

            + 7 (7172) 777-576,

             +7-702 404 46 89  

               (тәулік бойы)

Жүк жөніндегі супервайзер, ақпаратшы

 

2

Қызметтерді төлеу бойынша ақпарат (касса)

+7 (7172) 777-570 (тәулік бойы)

Кассир - ақпаратшы

 

 Электрондық мекенжайлары:

  1. Халықаралық әуе желілерінің жүк жөніндегі маманы: cargo.international@nn-airport.kz       
  2. Ішкі әуе желілерінің жүк жөніндегі маманы: cargo.domestic@nn-airport.kz;
  3. Жүк жөніндегі супервайзер: cargodutymgr@nn-airport.kz
  4. Жүк терминалының басшылығы: 

k.kakimov@nn-airport.kz; a.bekezhanova@nn-airport.kz:  

Жүктерді авиатасымалдауды ресімдеу үшін осы қызметтерді ұсынатын уәкілетті агенттердің байланыстары көрсетілген авиакомпаниялардың ресми сайттарын қарау қажет.

cargo terminal

 

Жүктерді авиатасымалдауды рәсімдеу үшін осы қызметтерді ұсынатын уәкілетті агенттердің байланыстары көрсетілген авиакомпаниялардың ресми сайттарын қарау қажет.



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ