Рұқсатнамаларды ресімдеу

Әуежайда рұқсатнамаларды ресімдеу қағидалары

  • Егер тендер және басқа ақпарат туралы білгіңіз келсе, тіркеліңіз

    Нұсқаулық, нормативтік құжаттар, байланыс

 

        Авиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсатнама бюросы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады жәнеәуежайдың бақыланатын аймағына барлық рұқсатнама түрлерін берудің негізгі қағидалары мен ресімдерін анықтайтын «Астана халықаралық әуежайы» АҚ рұқсатнамаларын беру, есепке алу тәртібі» және «Әуежайдың бақыланатын аймағына өту, көлікпен өтуқұқығына арналған рұқсатнама түрлері мен нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 15 қазандағы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің №457 бұйрығының талаптарына сәйкес, рұқсатнамалардың барлық түрлерін беруді жүзеге асырады.

 

        Әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын аймақтарына өту және көлікпен өту құқығын беретін рұқсатнамалар қатаң есептіліктегі құжаттар болып табылады.  РҰҚСАТНАМАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ Сыртқы ұйымдардың жеке тұлғалары мен көлік құралдары үшін «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бақыланатын аумағына өтуге рұқсатнамаларды ресімдеуге өтінімдер:

 

  • «Астана халықаралық әуежайы» АҚ рұқсатнамаларды беру және есепке алу тәртібі» фирмалық стандарты;
  • «Астана халықаралық әуежайы» АҚ рұқсатнамаларды беру және есепке алу тәртібі» фирмалық стандартынан үзінді-көшірме;
  • жеке рұқсатнаманы ресімдеуге арналған хат (тұрақты (уақытша);
  • жеке рұқсатнаманы ресімдеуге арналған хат (біржолғы);
  • көлік рұқсатнамасын ресімдеуге арналған хат;
  • ҚР ҰҚК ШҚ келісуге арналған сауалнама;автомобиль рұқсатнамаларына арналған тарифтер;
  • әуежайдың бірінші жолына арналған автомобиль рұқсатнамаларының тарифтері;
  • әуежай аумағына арналған рұқсатнамалардың тарифтері;
  • әуежай аумағына (бақыланатын аймақтарға) арналған рұқсатнамаларды алған кезде жүргізілетін авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқама.

 

    «Астана халықаралық әуежайы» АҚ авиациялық қауіпсіздік қызметі, кеден, шекара органдарының қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде белгіленген авиациялық қауіпсіздік талаптарын адамдар бұзған жағдайда,кейін рұқсатнамаларды әуежай басшылығына әрі қарай шешім қабылдау үшін бере отырып, рұқсатнамалардың барлық түрлерін алып қоюға құқығы бар.         Рұқсатнаманың қолдан жасалғаны туралы белгілер анықталған жағдайда, тергеп-тексеру материалдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарына, Қоғамның АҚҚ тапсырылады.   

ӘУЕЖАЙ БАСШЫЛЫҒЫ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА РҰҚСАТНАМАЛАРДЫ АЛЫП ҚОЮҒА (КЕРІ ШАҚЫРТУҒА) ҚҰҚЫЛЫ: 

  • рұқсатнаманы мақсаты бойынша пайдаланбағанда;
  • пайдалану мерзімі өтіп кеткен рұқсатнаманы пайдаланғанда;
  • рұқсатнаманы басқа тұлғаға бергенде (басқа автомобиль көлігі құралына арналған);
  • рұқсатнаманың көшірмесін жасап, пайдаланғанда;
  • рұқсатнаманы қолдан жасағанда;
  • белгіленген аймақта болу қағидаларын сақтамағанда;
  • 18-қосымшаға сәйкес қызметкер рұқсатнаманы тағу және автокөлік құралдарына орналастыру қағидаларын сақтамағанда;
  • өндірістік қызметпен байланысты емес уақытта әуежайдың бақыланатын және режимдік аймақтарында болса;
  • масаң күйде әуежайдың режимдік және бақыланатын аймақтарында болса;рұқсатнама иесі жұмыстан шыққанда немесе ауысқанда;
  • өткізу және ішкі объектілік режимді бұзғанда;
  • әуежай (әуеайлақ) бойынша және әуежайға (әуеайлаққа) өту аймағында автокөлікте қозғалған кезде белгіленген сұлба мен жылдамдықты сақтамаса;
  • жүргізушінің көлік құралын жүргізуге құқық беретін куәлігі, әуеайлақ бойынша жүргізуге құқық беретін рұқсаттама-талоны болмаса;
  • көлікпен әуежай аумағына әуежайдың рұқсатнамасы жоқ тұлғамен өтсе;
  • әуежай (әуеайлақ) аумағында режимді ұйымдастыруға жауапты Қоғамның АҚҚ, кеден және шекара органдарықызметкерлерінің және  қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыруға жауапты қозғалыс қауіпсіздігі инспекциясы қызметкерлерінің талаптарына бағынбағанда;
  • өтінімде көрсетілген қағидалар мен міндеттемелерді сақтамағанда.  

ҚОҒАМ БАСШЫЛЫҒЫ РҰҚСАТНАМАЛАРДЫ КЕЛЕСІ ЖАҒДАЙЛАРДА АЛЫП ҚОЯДЫ (КЕРІ ШАҚЫРТАДЫ):  

  • ұйым таратылғанда;
  • тірек әуежайды басқа әуежайға ауыстырғанда;
  • қызмет көрсету шартын бұзғанда. 

Бақыланатын, шекара және кеден аймақтарында болған барлық уақыт бойы адамдар рұқсатнаманы сыртқы киімнің үстіне тағып жүреді және уәкілетті орган қызметкерлерінің, АҚҚ жұмыскерлерінің, әуежайдың ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі инспекторлары, шекара және кеден органдары инспекторларының бірінші талаптары бойынша оларды бақылау үшін көрсетеді.  

 

 



Пайдалы ақпарат

  • Wi-Fi әуежайда

    Тегін интернетті пайдаланыңыз

    Толығырақ

  • Тексеруден өту қағидалары

    Тексеруден өту қағидаларымен танысыңыз

    Толығырақ

  • Паркоматты қалай қолдану керек

    Паркоматты колдану қағидасымен танысыңыз

    Толығырақ