Аутистік спектрдің және ментальді бұзылуы бар жолаушыларға қызмет көрсету
Арнайы қызметтер
Жарнамаға арналған орын
250x250
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ халықаралық стандарттар мен ұсынымдарға сәйкес аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында қолайлы жағдайлар жасауда. Еріп жүретін адаммен осы санаттағы жолаушыларға қызметтер тегін көрсетіледі.
Аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушыларға аталмыш қызметті алу үшін әуе билетінде көрсетілген ұшу уақытынан 48 сағат бұрын өтінім беру қажет.
Аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушымен бірге жүрген адам арнайы ланьярд алу үшін әуежайда орналасқан анықтама бюросына жүгіне алады.
Бұл ланьярд тіркеу, тексеру, әуе кемесінің бортына кезектен тыс отырғызу сынды рәсімдерден кезексіз өтуге мүмкіндік береді.
Қажет болған жағдайда аутистік спектрдің бұзылуы және ментальді бұзылуы бар жолаушы аэровокзал бойынша және әуе кемесіне дейін жүріп-тұру үшін мүгедектер арбасын, сондай-ақ ана мен бала бөлмесін пайдалана алады.
Бірыңғай байланыс орталығы
+7 (7172) 702-999
Медициналық қызмет көрсету қызметі
+7 (7172) 777-203
Ұялы телефон
+7 771 033 00 31 (тәулік бойы)
Біз үшін веб-сайтымыз, әуежай және ұсынылатын қызметтер туралы Сіздің не ойлайтыныңыз маңызды. Сіздің ұсыныстарыңыз, түсіндірмеңіз біздің жұмысымызға септігін тигізеді.